7. skautský oddíl Havrani - Kolín


 

Kazašská verze

Home

Наврани Колин (Колин «Қарғалары») 7 Чех скаут тобының бетіне қош келіпсіздер




hromadna7.jpg





vejce.gif

Колин қаласыЧех Республикасының астанасы Прагадан 60 км қашықтықта батысқа қарай орналасқан. Халық саны 30.000 адам. Колиндегі скаут қозғалысының тарихы 1 Дүниежүзілік Соғыс аяқталғаннан кейін және тәуелсіз Чехословакия мемлекеті құрылған соң бір жылдан кейін 1919 жылдан басталады. Елімізде саяси тұрақтылық орнаған кезде Колинде де скауттық қозғалыс қарқынды дами бастайды. Содан 20 жылдың ішінде Колин ауданындағы скауттық топтарының саны ұлғая түседі. Осы жерде 1922 жылы «Бөрілер» тобы құрылады. Кейін оның құрамынан «Қарғалар» тобы бөлініп шығады. Біздің топ 1938 жылдың 15 наурызында «Бөрілер» тобының «Бөрілер» және «Қарғаларға» бөлінуінің нәтижесінде пайда болды. Бірақ 2 Дүниежүзілік Соғыс басталғаннан кейін, неміс әскерінің елімізді жаулап алуының салдарынан бізді жұмысымызды тоқтатуға мәжбүр етті. Сөйтіп, тобымыз 2 Дүниежүзілік Соғыс аяқталған 1945 жылға дейін өмір сүруін тоқтатады. Соғыс кезінде көптеген скауттар қарсылық көрсеткені және скауттық қызметін жасырын жүргізгені үшін сотталады. Он шақтысы жазаға тартылады. Бірқатар скауттар Франция мен Англия үшін болған соғыста қаза болады. Бұл елдің адамдары оларды азат ету мақсатында соғысқан Чехтың ержүрек ұшқыштарын ешқашан ұмытпайды.
nesvoboda.gif
Соғыстан кейінгі қысқа мерзім Колиндегі скауттық қозғалысты жандандыруға мүмкіндік берген еді. Бұл істен біздің топ та қалыс қалған жоқ. 1950 жылы қудалау мен тыйым салу қайта басталады. Елдегі билікті коммунистік тәртіп басып алады. Демократия құлап, көптеген скауттар тағы да қарсылығы мен жасырын скауттық қызметі үшін түрмеге жабылып, лагерлердегі қара жұмысқа жөнелтіледі.

68.gif
Алпысыншы жылдардың саяси жылылығының арқасында 1968 жылы елімізде скауттық қозғалыс тағы бір мәрте жанданады. Оң қозғалыс Колинге де әсер етеді. «Қарғалар» ең мықты, әрі аса әйгілі ұлдар тобына айналады. «Қарғалар» тобының мүшесі болу ер балалар үшін үлкен мәртебеге айналды. Сол кездегі топтың балалары қазір еліміз бен шетелдегі ғылым, мәдениет, шаруашылық салаларының атақты өкілдері. Сол ұлдардан «Қарғалар» тобынан алған біліктіліктерін ешқашан ұмытпайтын тұлғалар өсіп шықты. Оның кейбірі қоныс аударып кетсе де, ауыр жолға скауттық анттарын ала кетті. 1968 жылдың басында еркін өмірге деген үмітіміз болған еді. Бірақ оны біздегі дамып келе жатқан демократиялық көзқарастардан қаймығып, өзінің ықпалын жоғалтқысы келмеген Кеңес Одағы жіберген Варшава келісімінің танкілері жоқ қылды. Скауттық қызметке тағы да тыйым салынды. Топтар таратылып, олардың жетекшілері сотталды. Біздің тобымыз жасырын 1979 жылға дейін өмір сүрді. Сол жылы қызметіміз әшкереленіп, тобымыз таратылады.
89.gif
1989 жыл чехтар коммунистік тәртіпке қарсы шығып, оны құлатады. Бұл қозғалыс топтың қайта көтерілуіне түрткі болады. «Қарғалар» тобының дәстүрлері, белгілері, сондай-ақ, архитектурасы балалардың жеті жылдық ұрпағы мен жеті он жылдықтан абыроймен өткен колиндық скауттар дәстүрінің айнасы іспетті.
frajer.gif

Бүгінгі таңда топ құрамында 30 адам бар. Олар «Кесіртке» және «Қонжықтар» деген екі патрульге бөлінген. Топ әр апта сайын жиналады. «Қарғалар» скауттық шеберліктерін шыңдайды, ойнайды, ән салады және өзін-өзі тану үрдісін жетілдіре түседі. Демалыс күндері елімізде және шетелде өтетін тақырыптық саяхаттарға арналады. «Қарғалар» тобының ұранын Австрия, Франция, Германия естіді. Және ең бастысы ол 2007 жылы Англияда өткен 21 дүниежүзілік Джамбориде шырқалды. Топтың жалауы Букингем сарайында да болды. Ол жерден оны Еуропа парламентінің депутаттары да көрді. Скауттар жылының шарықтау шегі жазғы лагерь. Мемлекеттік Ту ілінген флагшток, балаларды ұлтын сыйлауға үйретеді. Ал скауттық киім мен дәстүрлер, топқа деген достық пен ұмытылмас романтикалық сезім қалыптастырады. Егер сіз біздің бетті ашсаңыз, келушілер жорналын толтыруыңызды сұраймыз. Алынған ақпараттың арқасында біздің www. айдарымыз қай жерлерге жеткенін біле аламыз. Біздің топқа деген қызығушылығыңыз одан әрі жалғасса, бұл үлкен қуаныш.
psavec.gif
Біздің бетті орыс тіліне аударуға көмектескен «Қарғаларға» және басқа да скауттарға алғысымызды білдіреміз.


kamera.gif

«Қарғалар» тобының қазіргі құрамымен мына көрсеткіш арқылы таныса аласыз.

Мына жерден топтың бейнетүсірілімдерін табасыз.